Текст
8 наурыз "Халықаралық әйелдер" мерекесі күніне Жаңаталап бастауыш мектеп жанындағы "Гүлдер" шағын орталығында "Ана өмірдің гүлі" атты тақырыпта ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке шағын орталық тәрбиеленушілерінің әжелері мен аналары қатыстырылды. Бүлдіршіндер аналарына арналған өлең жолдарын айтып, ән айтыпты, би биледі. Ата-аналар мен және балалармен қызықты ойындар өткізілді.