"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанаталап отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области "

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі» КММ көрсетеді.

Заңды мекенжайы: Жаңаталап ауылы, Школьная көшесі, 4А.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

«Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі» КММ білім беру саласында 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы «Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі» КММ                      5 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

  • электрондық үкімет порталы арқылы – 1 мемлекеттік қызмет;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта – 4 мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар жоқ.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептерде оқитын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы білім алушыларды тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»;

«Мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарына құжаттарды қабылдау»;

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау (оқуға қабылдау)».

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат «Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі» КММ ресми интернет-ресурсында   http://sc0031.burabay.aqmoedu.kz/ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар            6 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: ресми интернет-парақшаларда            6 жарияланым.

Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары мен қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақмола облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы (19 қала мен аудан) жұмыс істейді.
  2. 2022 жылдан бастап білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, онда 28 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
  3. «Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі» КММ-де мемлекеттік қызметтерді 2 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
    2025 жылы 1 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;

қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

Мектеп меңгерушісі:                  Кожениазова Б.С

 

 

Орынд: Р.А Татиева
Тел.: 53601


Текст