Текст
Сынып сағаты мемлекеттік әнұранмен басталды. Мұғалім балаларды 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтап, мерекенің мән-маңызын түсіндірді.
Оқушылармен бірге «Қазақстан – достық пен татулық мекені» атты бейнебаян көрсетілді.
Сұрақ-жауап арқылы оқушылар достық, татулық туралы өз ойларын ортаға салды.
Әр ұлт өкілінің киімін киген оқушылар шағын көрініс көрсетті.
Мақал-мәтелдер талданып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Шығармашылық бөлімде оқушылар бейбіт өмірге тілектерін жазып, қабырға плакатына орналастырды.
Сабақ достық туралы әнмен қорытындыланды.