"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанаталап отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области "

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.04.2017

22-наурыз Ұлыстың ұлы күнінде Жаңаталап бастауыш мектебінде мерекелік іс-шара жүргізілді. Бұл мерекені 4 сынып оқушысы Қайыркеш Асхат жүргізуші  болып жүргізді. Мерекенің көзайымына айналған оқушылар болды. Олар кешті жүргізіп қана қоймай , Қыдыр атаның рөлінде де, салт-дәстүрлерді де өз беттерінше жүзеге асырды.Тұсау кесу рәсімі көрсетіліп, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Соңында оқушыларға сыйлық берілді. Ұл-қыздар «Қара жорға» биін билеп мерекенің көркін аша түсті.  Сағат 12:00 басталып 14:00 бітті. Екі сағатқа созылған мерекелік кеште ән де айтылды, би де биленді , наурызкөже де ішілді. Нағыз қазақтың жаңа жылы деген атқа сай өткізілді. Ауыл тұрғындарынан да көп спонсорлық көмек көрсетілді.Өз қолдарынан бауырсақ пісіріп, наурызкөже әкеліп, салт-дәстүрге сай қазақтың дастарханын жайды. Бұл мерекелік кеште тек қана мерекені қызықтаудан басқа , алда өсіп келе жатқан жас ұрпаққа наурыз туралы көп мәлімет бердік деген ойдамыз. Мерекеге жетекші болған Кожениязова Ботагөз Сәлімжанқызы.

Просмотров: 723


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст