"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанаталап отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области "

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12.06.2017

Жаңаталап бастауыш мектебінде 2017 жылдың 6 мамыр күні 1941-1945 жылдар аралғында өткен қан майдан соғысының Жеңіс күні мерекесінің 72 жылдығына арналған мектептің мұғалімдері мен оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұлы жеңіске 72 жыл» атты іс-шара өткізілді. Іс шараның басты мақсаты Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алып, соғыс ардагері Лекеров Сәдуақас атамыз,Татиев Шәріп атамыз,Сейфолла Әйтім атамызды еске ала отырып, осы кісілердің  шөберелері аталарына өлең шумақтарын арнады. Оқушылардың бойында оларға деген құрмет пен тағзым ету қабілеттері оянды. Әрбір мектеп оқушысының Отанға деген құрметі мен патриоттық сезімін одан әрі дамыту.

    «Ұлы Жеңіске 72 жыл» яғни, Ұлы отан соғысының 72 жылдығына арналып, 7 мамыр «Отан қорғаушылар» күніне арнап « Жігіт сұлтаны »  сайысымен жалғасып, концеттік  іс-шарасы өткізілді. Оқушылар соғыс кезіндегі орындалған «Батыр бала Болатбек», «Cолдат болам мен ертең» т.б әндерін шырқап,қыздардың орындауында «Қамажай», «Біздің жігіттер» билерін биледі. Соғыс ардагерлерінің құрметіне арнап 1 минут үнсіздік жариялады. Мектеп меңгерушісі Жеңіс күнінің 72 жылдығымеен мектеп оқушыларын, ата-аналарды, ауыл тұрғындарын құттықтап, сөз сөйледі.  Соңында «Жаса Қазақстан» әнін орындап,қыздар ұлдарға шағын сыйлықтарын тарту етті.

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст