«Берекелі, мерекелі алтын күз»
Күз айының соңғы айы қараша. Бірде жайма шуақ, бірде ызғарлы күн райы. Күн суытып қараша айы қаһарын көрсетсе де Жаңаталап бастауыш сынып оқушыларымен «Гулдер»шағын орталық бөбектерінің көңіл күйлеріне әсер ете алмады. Қараша айының сегізі « Берекелі , мерекелі алтын күз» атты мерекелік іс- шара өтті. Мерекелік іс- шараның шымылдырығын « Гулдер» шағын орталығының тәрбиеленушілері ашты. Журек жарды өлең шумақтарымен, билерін биледі. Куз патшайымы шақырылып «Күз ханзада»сайысын жариялады. Әрбір сынып өз ханзадасын сақадай сай қылып даярлап ,сайысқа түсті. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Әр кезеңнен ханзадалар сүрінбей өтіп ,сайыс аарасында ата- аналармен ойын ұйымдастырылды. Ата- аналарда өз өнерлерін көрсетті. Балаларына қолдау көрсеткен ата- аналар «Күз сыйы»макетін жасасып баладай мәз болды. Атап айтсақ: Сейфулина Нүрзия, Ахметова Алтынгүл, Татиева Диана, Естаулетова Самал, Нурмакова Алмагүл, КаржановаТоты, Рахимжанова Самал апайларымызға мың алғыс. Сонымен қатар сынып жетекшілері: Татиева Райхангүл Атымтайқызы, Кожениязова Ботагөз Сәлімжанқызы « Гулдер»шағын орталық тәрбиешілері: Кайдарова Самал Сайранбайқызы, Исмаганбетова Дина Сапарғалиқызы белсене ат салысты. Лоторея билеті ойнатылып « Күзгі дастарқаннан» дәм татылып, мерекелік би кешіне ұласты. Жеңіске қол жеткізген «Күз ханзадаларымен»сыныптарды құттықтай отыра, осындай кештің қызықты өтуіне, белсене қатысқан ата –аналармен, мектеп ұжымына шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеп, алғысымызды білдіреміз